Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың мәліметінше, бұған соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің көбеюі себеп болған.
«Атырау қаласында қауіпті вирусқа шалдыққандар санының өсуіне байланысты резервтен 330 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационар ашылды. Оның ішінде облыстық кардиологиялық орталықта 100, ал, облыстық ауруханада 230 төсек-орын бар. Қазір облыстағы инфекциялық төсек-орын саны 2 428-ге жетті. Бұдан басқа, өңірде 310 төсек-орынға арналған резервтік инфекциялық стационар, оның ішінде 20 реанимациялық төсек әзірленді» -дейді Қайсар Абдалиев.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудағы кардиологиялық орталықта инфекциялық стационар құрылған болатын.