Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Б. Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін соттау БАҚ-тың қатысуынсыз өтеді

None
АТЫРАУ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - 24 желтоқсанда Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке қатысты қылмыстық істің алдын ала тыңдауы өтеді.

«Алдын ала тыңдау БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтеді. Алдын ала тыңдау қорытындысы бойынша негізгі сот ісін қарауды белгілеу туралы мәселе шешілмек», деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.