Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 22 жүкті әйелдің 12-сі инфекциялық стационарларда ем-дом қабылдау үшін оқшауландырылған.
«Жүкті әйелдердің 10-ы амбулаториялық деңгейде ем алуда. Қазір коронавирус инфекциясын жұқтырған 99 бала бар. Оның ішінде 2 бала инфекциялық стационарда, ал 97 бала амбулаториялық емделуге жіберілді», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімінде жатқан 14 науқастың жағдайы ауыр. Жағдайы өте ауыр 3 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Еске салайық, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдер саны артқанын жазған едік.