Атырауда өкпесі 90 пайыз қабынған әйел емделіп шықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы №2 облыстық ауруханаға өкпесінің 90 пайызы қабынып түскен 56 жастағы әйел емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Емдеуші дәрігер Айдана Ғалымжанқызының айтуынша, науқас ауруханаға 17 шілдеде түскен.

«Науқастың өкпесінің 90 пайызы қабынған. Оны жансақтау бөліміне жеткізбей, бейімдеу бөлімінде емдедік. Нақты қойылған диагноз бен ем-домның нәтижесінде науқас сауығып, 8 тамызда ауруханадан шығарылды. Алдағы уақытта Махамбет ауданында участкелік дәрігердің тікелей бақылауында болады. Бұл – өңірде тіркелген бірінші жағдай» -дейді Айдана Ғалымжанқызы.

Оның мәліметінше, қазір ауруханада өкпесінің 98 пайызы қабынып түскен науқастар ем қабылдап жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Алексей Цой Атырауда аймақтық штабтың отырысын өткізгенін хабарлаған едік.