Атырауда өрт кезінде 3 жасар қыз бала шетінеп, 5 жасар бала ауруханаға түсті

АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат - Атырауда екіқабатты үйде болған өрт кезінде иіс тиіп уланған 3 жасар қыз бала шетінеді, 5 жасар бала ауруханаға жеткізілді,

  деп хабарлады сәрсенбі күні Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Өрт желтоқсанның  29-ы күні сағат  1-лерде     ауданы 24 шаршы метрлік    бөлмеден  шыққан.   Төтенше жағдайлар  ведомствосының  хабарлауынша,    тілсіз жау   сағат 13.23-те    өрт сөндіру  қызметінің  күшімен   сөндірілді.