Атырауда өртте 2 бала мерт болды, 13 жасар жеткіншек ауруханаға түсті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Атырауда болған өрттің салдарынан 2 бала көз жұмды, 13 жасар жеткіншек ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сенбі, 24 наурыз күні Атырау қаласының Көктем шағынауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнында 3 жасар ұлдың және 11 жасар қыздың денелері табылды, 13 жастағы ер бала күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 24 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.