Атырауда отбасыны қолдау орталығы ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Отбасыны ресурстық қолдау орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Атырау облысының отбасылық соттары жанындағы Отбасыны ресурстыққолдау орталығының таныстырылымы барысында белгілі болды. Жаңашылдық Дағдарысорталықтары одағының «Бақытты отбасы» және ҚР Жоғарғы сотының «Отбасылық сот»пилоттық жобалары аясында жүзеге асырылған.

Орталықтың таныстырылымына Атырау облысы соттарының «Отбасылық сот»пилоттық жобасы бойынша үйлестіруші судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Бұл орталықтың негізгі мақсаты - отбасы құндылықтарын нығайту, тұрмыстағыпроблемаларды ерте анықтау, тұрғындарға психологиялық, құқықтық, педагогикалықжәне басқа да консультативтік-әдістемелік көмек көрсету. Мұнда психолог,заңгер, әлеуметтік қызметкерлердің көмегін тегін алуға болады.

Жобаның үйлестірушілерінің айтуынша, орталықта 7 маманға дейін қызметкөрсетеді, олар отбасын құруға немесе некені бұзуға ниетті азаматтарғапсихологиялық, медициналық, әлеуметтік, заңгерлік көмектер көрсетеді.

Айта кеткен жөн, соңғы жылдары Қазақстанда бөлек отбасылық сот құрумәселесі қаралуда, оған неке және отбасы мәселелері – ажырасу, балалары баржағдайда мүлікті бөлу және т.б. жатады.

Отбасыны ресурстық қолдау орталығы Атыраудағы Құрманғазы көшесінің бойында 8ағимаратта орналасқан. Аптасына бес күн сағат 09.00-18.00 аралығында қызметкөрсетеді. Мамандардың қабылдауы мен кеңестер беруі тегін.

Сондай-ақ кеңесті тәулік бойына 150 және 7 708 106 0810 телефондарына соғуарқылы алуға болады.