Жәрмеңкені «Жастар еңбек биржасы» жобасы аясында жастар ресурстық орталығы өткізеді. Шараның негізгі мақсаты - жастарға еңбек нарығының қазіргі ахуалы, жұмыскерлерге мұқтаж ұйымдар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беру.
«Заман бір орында тоқтап қалмайды. Кей мамандықтарға сұраныс жоқ. Жұмыссыз жастар мамандық бойынша қалаған жұмыс орнын таппаса да, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы толық мәлімет біліп, қайта оқытуға қатысты сауалдарға жауап ала алады», - деді жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Роллан Құспан.
Бос орындар жәрмеңкесі 5 қазан күні сағат 10.00-12.00 аралығында «APEC Petrotechnic» колледжінде өтеді.