Атырау қалалық полиция басқармасынан білгеніміздей, құқықбұзушылыққа жол берген тұрғын жауапқа тартылған.
«5 сәуір күні Тайманов-Құлманов көшелерінің қиылысы тұсында ойыншық арбалар көлік қозғалысына кедергі жасап, жол ережесін бұзғаны анықталды. Ол бойынша 2001 жылы туған азамат анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды. Қала тұрғындарынан жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз», - дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет.
Айта кетейік, бұған дейін Атырауда күн райының қолайсыздығынан бір күнде 24 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін жазған едік.