Атырауда Өзбекстан азаматы қайтыс болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда спорт алаңынан құлап, Өзбекстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлады «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға Привокзальный маңында орын алды. 1974 жылы туған Өзбекстан азаматы көпқабатты үйдің құрылыс алаңынан құлап, алған ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды.

«Арнайы құрылған комиссия жазатайым жағдайға алып келген барлық мән-жайды анықтайтын болады», - деп хабарлады мемлекеттік еңбек инстпекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.