Атырауда Өзбекстан азаматы сүйіктісінің үйінде опиум сақтаған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда аса ірі көлемде экстрационды опий сақтағаны үшін Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелдіказамат есірткіні Атырауқаласында тұратын азаматтықнекедегі әйелінің үйіндежасырған. Полицейлер есірткі аса ірі көлемде болғанынатап өтті.

«Есірткі тәркіленіп,Өзбекстан азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен сотқадейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде»,-деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.

Күдікті уақытшаұстау абақтысына жеткізілді.