АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өзен трамвайы мен фитнес орталықтарының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Асылбек Шаровтың қаулысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі тоқтатылсын» -делінген бас санитарлық дәрігердің қаулысында.
Сондай-ақ, саяхаттау катерлерінің (өзен трамвайы) қызметі де тоқтатылды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары ұзартылған еді.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.