Атырауда панкратионнан Азия чемпионаты өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 сәуірде Атырауда панкратионнан Азия чемпионаты басталады. Оның салтанатты ашылуы сағат 15.00-де «Атырау» ДШСК-де болмақ.

Бұл додаға алты елден спортшылар, ал Қазақстаннан көптеген облыстардың, оның ішінде Атырау облысының да жампоздары қатыспақ.

Ұйымдастырушылар "шара қызықты өтеді, оған нағыз қайратты жігіттер қатысады" деп отыр.

Айта кетейік, сайыс сегіз салмақ дәрежесі бойынша өтеді.

Сонымен бірге, айтулы жарысқа Ресей, Украина, Сербия елдерінен мамандар қатысады деп күтілуде. Олар спортшылардың әрекетерін бақылап, жекпе-жектерге талдау жасамақ, деп жазады sports.kz.