Облыстық полиция депаратментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 102 операторына Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғыны жалдамалы пәтерді жалдаушылар түнгі тыныштықты бұзғаны туралы хабарлаған.
«Атырау қаласындағы №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 02:52-де жалдамалы пәтерді алған жеңіл жүрістегі қыздар адамдарды қабылдағанын анықтады. Мұнда Түркістан қаласының 2 азаматшасы жезһкшелікпен айналысқан. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 437-бабымен (Түнгі тыныштықты бұзу) хаттамалар толтырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Пәтерін жалға берген 48 жастағы пәтер иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 450-бабымен (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) 218 775 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жеңгетайлықпен айналысқан әйел түрмеге қамалған еді.