«Сот қаралымы барысында белгіленгендей, 2017 жылдың 17 сәуірінде Мирный кентінде К.есімді тұрғын мас күйінде 9 жасар қызды күшпен зиратқа алып барып, зорламақшы болған. Қыз мас зорлықшыдан құтылып шығып, үйіне қашқан. К.-ның айыбы сотта тергеу мен куәгерлердің куәлік етуімен дәлелденді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Соттың, сондай-ақ алқабилер сотының үкімімен педофил қылмыс жасады деп айыпталып, ҚР ҚК 120-бабы 4-тармағы, 24-бабы 3-тармағы (кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу) бойынша қатаң режимдегі колонияда 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.