Бесікті кентінің тұрғыны үстінен қозғалған іс бойынша сот 6 қыркүйекте басталды. Арман Рсалиев ҚР ҚК-нің 120-бабының 4 бөлігі 10, 14 тармақтары және 99-баптың 2 бөлігі бойынша айыпталып отыр.
Тергеу мәліметтері бойынша, 8 жастағы қыздың көршісі ішімдікке мас болып, оны Жайық өзенінің жағасына алдап апарып, зорлаған. Қылмысын жасыру үшін оқушыны өзенге батырып жіберген.
Сот жабық режімде өткізілуде.
Еске сала кетсек, 8 жасар Айкөркем Алдамжар биыл 15 маусымда мектептегі лагерьден оралмаған . Қыздың шешесі ол келмеген соң полицияға арызданған. Оқушының денесін іздеу 5 күнге созылды.