«Тергеу амалдарының нұсқасы бойынша, өткен жылдың желтоқсан айында Индерск ауданының тұрғыны 32 жасар жас босанған әйел ауыр жағдайда медициналық мекеменің көмегіне жүгінген, алайда кезекші дәрігерлер мен акушер өздерінің тікелей дәрігерлік міндеттерін атқармаған. Анығын айтсақ, науқасқа көмек қолын созбаған. Нәтижесінде азаматша Жекенованың денсаулығы нашарлап, жатырының жыртылуынан қайтыс болған. Жаңа туған сәби де ажалдан аман қалмады. Дәрігерлер ҚР Қылмыстық кодексінің 317 бап 3 тарауы «Медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы» бойынша айыпталып отыр», - деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
2017 жылы Атырау облысында жаңа босанған 5 әйелдің өлімі тіркелгендігін естеріңізге саламыз.