«29 наурыз күні Атырау қаласындағы халықаралық әуежайда жеке тексеру бөлмесінде Полиция желілік бөлімінің патруль-бекет қызметкері абайсызда қарумен оқ атып алған. Оқиға сағат 17.40 кезінде полиция қызметкері банк инкассаторының қаруын тексеру барысында орын алған. Оқиға салдарынан қала тұрғынының аяғына оқ тиіп, жарақат алған. Әйел бірден медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген департаменттің хабарламасында.
Аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.