Атырауда полицей қыздар арасында байқау ұйымдастырылды

None
АТЫРАУ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облысы ІІД-де «Қыздарға әсемдік жарасады» байқауы өтті.

Байқауға қатысушылар әскери қаруды жинақтау-бөлшектеу бойынша өз өнерлерін көрсетті, кулинарлық шығармашылық, өз ойларын нақышты және сауатты түрде жеткізу, ән айту және би билеу бойынша жарысты. Қыздар өздерін таныстырды, білімпаздығын көрсету бойынша күрмеуі қиын сұрақтарға жауап берді, қазақтың мақал-мәтелдерімен сайысты, «Қара жорға» биін билеп, қазақ және орыс тілдерінде ән айтты. Сондай-ақ, қатысушылар әділқазылар алқасы берген тапсырмаларды орындап, өздерінің үй шаруашылығына пысықтығын көрсетті. Байқау Наурыз мейрамына қарсы ұйымдастырылғандықтан, қыздар ет асып, қуырдақ, қазы, наурызкөже, шұбат сияқты ұлттық тағамдар дайындады.

«ІІД-нің қаржылық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы Айгүл Наурызғали жеңімпаз атанды, екінші жүлделі орын ІІД-нің Әкімшілік полициясы басқармасының инспекторы Анар Мараловаға берілді, ал үшінші орынның иесі - Атырау қаласының ІІБ-ның кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша инспекторы, полицияның аға лейтенанты Гаухар Жексанғалиева. Оларға дипломдар, гүлдер мен сыйлықтар табыс етілді» - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова.