Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысының тұрғыны көлігімен Ақтау қаласына баруға жолға шыққан. Ол атыраулық полицейдің WhatsApp желісіндегі нөміріне Ақтаудағы туысы туралы анықтама жіберген.
«Атырау облысындағы блокпосттан өтер кезде полиция қызметкеріне пара беруге тырысқан. Жүргізуші ұялы қолданба арқылы полицейдің жеке шотына 15 мың теңге аударған. Мұны біліп қалған полиция қызметкері жүргізушінің ақшасын кері қайтарып, бұл туралы басшылыққа мәлім етті», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл іс №2 Атырау қалалық сотында қаралған. Сот үкімімен жүргізушіге 112 500 теңге айыппұл салынған.