Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, балықтарды Атырау-Орал трассасы бойынша үлкен жүк көлігімен әкетпекші болған. Рөлінде Қызылорда облысының тұрғыны отырған мәшинені полицейлер тексеру үшін тоқтатқан кезінде онда 7 тонна балық - судак, сазан, ақмарқа болған. Жүргізушінің тиісті құжаттары жоқ болып шықты.
Қазір балықтардың қайдан алынғанын анықтау үшін шұғыл-тергеу жұмыстары жүргізілуде.