Атырауда полицейлер суға батқан адамды құтқарып алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда полицейлер суға батқан адамды құтқарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайық өзенінің жағасын тексерген полицияпатруль экипажы ер адамның көмекке шақырған даусын естіді. Түн ортасында маскүйде суға түскен ер адам өзеннің ортасына дейін жүзіп барып, жағаға жете алмайқалған. Істің насырға шаба бастағанын түсінсе керек, айғайлап көмекке шақырады»,- дейді полиция департаментінің өкілдері.

Оның бағына қарай полицейлер сол маңға жетіпқалған.

«Мен Дамба ауылында туып-өскенмін, жақсы жүзеаламын. Бірақ нұсқау бойынша біз құтқарушыларға хабар беруге тиіспіз, мен десөйттім. Кейін қасымдағы серігім сержант Жамбыл Тұрымбетовтен машинадан құтқарутоптамасын әкелуді сұрадым. Уақыт оздырмай суға күмп беріп, ер адамның жағағашығуына көмектестім», - дейді қатардағы полицей Орынтай Хуресов.

Тексеріс кезінде суға бата жаздаған ер адамныңмас болғаны анықталды. Полиция басқармасында 32 жастағы ер адамға Әкімшілікқұқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Айта кетейік, Атырау облысында жыл басынанбері суға кеткен 12 адамның үшеуі мас болған.


Автор: А.Соколов