АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 30 жастағы жігіт жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атырау қаласына таяу орналасқан Қайыршақты ауылынының тұрғыны, 1991 жылы туған Наурыз Әйтекешов 5 ақпанда кешкі мезгілде үйінен шығып кеткен. Оны 5 ақпанда бір үйде тұратын тұрғындар іздеген. Алайда, 30 жастағы жігіт әлі табылған жоқ», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
6 ақпан, сағат 18:25-тен бастап жоғалған азаматты іздестіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 16 қызметкер, 7 техника, 2 кинологиялық есеп, облыстық Полиция департаментінен 10 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 25 жастағы келіншек кішкентай қызымен бірге жоғалып кетіп, бір күннен соң табылған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.