Жиынға КСРО Халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған театр майталмандары, қоғам қайраткерлері мен Рахымжан Отарбаевтың жанұясы қатысты. «Бұл өте ауқымды, мәдени іс-шара. Өйткені, әдебиет пен мәдениетке теңдей үлес қосқан Рахымжандай перзентін елі ұмытпауы керек. Ол Қазақстанды ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерді мойындатқан санаулы суреткердің бірі. Бүгін оның рухына ас берілді, енді міне жалғасы үлкен шараға ұласып жатыр. Ұмытпай, елеп-ескерген үлкен-кішіге алғысым шексіз», - деді Асанәлі Әшімов. Сондай-ақ, жиын барысында автордың «Бас», «И был я подобием твоим...», «Плач Чингисхана» туындылары мен Рахымжан Отарбаевқа арналған «Аңыз адам» журналының қараша айындағы санының тұсауы кесілді. 18-22 қараша аралығында Атырау жұртшылығына көрсетілетін мәдени шараға еліміздің 9 шығармашылық ұжымы қатысады. Олардың өнерін сараптаушы қазылар алқасының төрағасы – КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев және Сердеш Қажымұратұлы, Талғат Теменов, Ұларбек Нұрғалымұлы, Айзат Қыдыралиева мен Қаракөз Рахымжанқызы қазылар құрамы болып бекітілген.
20:46, 18 Қараша 2019
Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі өтеді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін театр фестивалінің ашылу салтанаты аясында баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.