«Сотта көрінеу жалған ақпарат бергені үшін, ҚР ҚК 420-бабы 2-бөлімі бойынша айыпталған жазасын өтеуші Б.С-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот бұзақылықпен кісі өлтіргені және заңсыз қару сақтағаны үшін айыпталған А.К-ге қатысты қылмыстық іс бойынша сот тергеуі барысында куәгер ретінде жауап алған кезде көрінеу жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені ескертілгеніне қарамастан, жалған айғақ берді. Сол үшін ол 5 жылға сотталған», - деп хабарлады облыстың соттың баспасөз қызметінде.
Алайда оның жолы болды. Рақымшылыққа байланысты сот оған 1 жыл 3 ай шартты мерзім тағайындады.