Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған айтысқа еліміздің барлық өңірінен 22 ақын келді.
«Өмірін өлеңге арнап, ғұмырын жырмен көркемдеген жерлес апамыздың құрметіне Атырау облысының әкімдігі апталық өткізуде. Кеше ақын апамызға арналған конференция өтті. Сондай-ақ, өлең-жыр байқауларын, спектакльдер өткізу жоспарлануда. Тек осы шаралармен шектелмей, алдағы күндері де ауқымды шаралар өтеді», - дейді Серік Шапкенов.