Атырауда сәби бес қабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды
16:17, 29 Мамыр 2013
АТЫРАУ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Атырауда 2011 жылы туған сәби бес қабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды.
Облыстың ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, оқиға түскі үзіліс мезгілінде үлкендер үйде болған кезде орын алған. Бала асүйде ойнап жүрген. Үлкендер оның терезеге қалай жақындағанын байқамай қалған.