31 тамызда «Амангелді» атындағы өндірістік кооперативтің балықшылары кіші Дамбы тартымынан салмағы 118 келі болатын қортпа балығын аулады. Бекіре тұқымдас балықтар тобына жататын алып қортпа «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытына тапсырылды.
«Әлемде бекіре тұқымдас бағалы балықтар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Сол себептен, табиғи қоры азайған мұндай балықтар тек ғылыми-селекциялық бағытта ғана ауланады» -деп хабарлады өңірлік коммунткациялар қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Жайыққа бекіре тұқымдас балықтың 3,6 млн-нан астам шабағы жіберілген болатын.