Атырауда салынып жатқан көпірдегі апаттың салдарынан қаза тапқан сегіз адамның бесеуінің денесі табылды

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарланғанындай, қыркүйектің 11-інде 19 сағат 46 минутте Жайық өзені үстінен салынып жатқан ұзындығы 106, ені 18 метрлік көпір аралығы құлады.

Апат салдарынан сегіз адам хабар-ошарсыз кетті.

Қыркүйекктің 13-індегі сағат 07.00-дегі жағдай бойынша, облыстық судан құтқару қызметі «Трансқұрылыскөпір» АҚ-ның бес қызметкерінің денесін судан шығарып алды. Апат орнында іздестіру-құтқару және көпір астындағы аралықта суасты жұмыстары жүргізілуде.