Атырауда сарапшылар Қазақстанның одан әрі дамуына алдағы сайлаудың рөлін талқылады
«Алдағы парламенттік сайлау өте маңызды және елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғырту үрдістеріне қарқын береді. Біз өңірлерде реформаларды іс жүзінде жүзеге асырудың жаңа кезеңі қалай басталып жатқанын көріп отырмыз. Нақты тетік құрылуда. Заңдар қабылдануда. Ең маңыздысы, мұның барлығы жұртшылықпен, азаматтық қоғаммен бірге болғаны», - деп санайды соясаттанушы Ерік Әбдіғалыұлы.
Талқылау барысында сарапшылар азаматтық қоғамның сайлау науқанына белсене қатысып жатқанын атап өтті. Талдаушылардың пікірінше, бұл өзекті мәселелерді шешуде азаматтардың қатысуын одан әрі кеңейту үшін негізгі іргетас болып табылады.
«Өңірде сайлау науқаны қызу жүріп жатыр. Атырауда азаматтар арасында сайлауалды үрдіс белсенді жүруде. Олар партиялықтармен кездесуде: Президент реформаларын іске асыруда қандай жұмыс жасайтындығы туралы басты сұрақтарға жауап алуда», - деді Sayasat.оrg интернет-басылымының шеф-редакторы Бауыржан Төлегенов.