Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, осындай бағадағы картоп сауда орындарына өткен жылдың күзінде салынған көкөніс қоймасынан жеткізілуде. Қала басшылығы сақтауға сол кездері 3 мың тонна түйнекті салып үлгеріпті. Сауда айналымында 100 теңгенің картобы пайда болғаннан кейін, базарлардың да бағасы түсе бастады. Қазіргі күні картоптың бағасы 180 теңгеден келісі үшін 140-150 теңгеге дейін түсті.
15:10, 12 Ақпан 2011
Атырауда сатуға келісі үшін 100 теңге тұратын картоп шығарылады
АТЫРАУ. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атыраудағы екі ірі сауда желінің супермаркеттерінің сөрелерінде келісі үшін 100 теңгелік картоп пайда болады.