Атырауда сауда орталығының артынан адамның мүрдесі табылды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы сауда орталығының артындағы жылу жүйесінің тұсынан адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау қаласы С.Датов көшесінің бойында орналасқан «Арын» сауда орталығының артындағы жылу жүйесінің тұсынан адамның өлі мүрдесі табылған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады Атырау облысының Полиция департаментінен.

Айта кетелік, ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар жарияланбайды.

 

Соңғы жаңалықтар