«Сауда үйі бүгін сағат 13.25 шамасында өртенген. Бір қабатты сауда үйін шарпыған өрттің жалпы ауданы 280 шаршы метрді құрап отыр. Өрт 14.38-де толық ауыздықталды. Өртті сөндіруге жеке құрамдағы бірнеше қызметкер мен арнаулы техникалар жұмылдырылды», - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.
Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.