Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Ә. Бекешеваның жаңа қаулысында айтылған.
«Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, субъектілер Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Ashyq мобильді қосымшасын енгізсін және пайдалансын» делінген құжатта.
Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілерінің күн сайынғы жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 15:00-ге, ал, Ashyq жобасына қатысатын нысандар сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін шектелген.
Бұл нысандардың сенбі, жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған.
Жаңа қаулы 27 шілде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жаңа қаулыға сәйкес қандай шектеулер енгізілгенін хабарлаған едік.