Бұл туралы Атырау қаласының бас санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің бүгінгі қаулысында айтылған.
«Атырау қаласында эпидемиологиялық ахуал толық тұрақтанғанға дейін карантииндік шектеу іс-шарасы сақталады. Исатай-Махамбет орталық алаңына, «Жеңіс» және Ретро-саябаққа баруға, бұқаралық, спорттық, отбасылық, соның ішінде еске алу шараларын өткізуге тыйым салынсын. Театрлар мен кинотеатрлар, көрмелер, ойын және түнгі клубтарының жұмысына тиым салынады», делінген құжатта.