Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің бүгінгі қаулысында
«Саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға және тұрғындардың басқада демалыс орындарына баруына тыйым салынсын» -делінген.
Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, 3 адамнан артық топтасып жүруге, 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 3 тамыздан бастап қандай қызмет түрлеріне тыйым салынатынын хабарлап едік.