АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының сайлаушылары сайлау учаскесін арнайы Telegram-bot арқылы анықтай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Атырауда сайлаушылардың өз сайлау учаскелерін анықтауына мүмкіндік беретін SailauAtyrauBot чат-боты ашылған.
«Осы арқылы тұрғындар сайлау қарсаңында мекенжайы бойынша тіркелген сайлау учаскесін анықтай алады. Бұл үшін SailauAtyrauBot чат-ботына ЖСН енгізу арқылы сайлау учаскесінің нөмірін, атауы мен мекенжайын біле алады» -деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.