«Ел Президентінің сайлауына бірінші рет қатысып тұрған жоқпын. Жасыма қарамастан сайлау учаскесіне өзім келдім. Қазақстанда ұзақ өмір сүретін адамдар жыл санап көбейе берсін, еліміз дамып, өркендей берсін деген тілектемін», - деді Балзиба әже.
Атырау облысында дауыс беретіндер тізімінде 409 679 сайлаушы бар.
Сайлау комиссияларының жалпы саны - 271, оның 262-сі учаскелік, 9 аумақтық (облыстық, қалалық және 7 аудандық). Дауыс беру 262 учаскеде жүріп жатыр. 12 сайлау учаскесіне кіру шектелген, оның 9-ы емдеу мекемелерінде, екеуі әскери бөлімшеде, біреуі тергеу изоляторында.