АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Жайық өзенінің сағасында, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан «Ақжайық» табиғи резерватында шағала мен суқұзғындар жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі таңда суқұзғынның 40 және шағаланың 5 өлексесі табылған. Құстардың неден бұлай қырылып жатқаны белгісіз.
«Тиісті биоматериалдар алынып, астанадағы ветеринария бойынша ұлттық референт орталығына жіберілген. Атырау облысы экология департаментінің мамандары резерваттағы су, ауа және топырақтан сынама алды. Енді соған талдау жүргізеді» деп мәлім етті орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.