Оған Атырау облысы, сондай-ақ РФ-ның Астрахан және Волгоград облыстарынан келген әртүрлі этномәдениетті көрсеткен көркемөнерпаз және кәсіби топтар қатысты.
Фестиваль Махамбет Өтемісов атындағы облыстық драма театрының сахнасында өтті. Көрермендер қазақ, орыс, неміс, армян, грузин, өзбек, ұйғыр, татар, кәріс және тағы да басқа ұлттардың шығармашылықтарымен танысты. Астрахандықтар алғаш рет казак және ноғай халқының мәдениетін көрсетті.
Фестиваль аясында қалада халық шығамашылығының сақталуы мен дамуына арналған «дөңгелек үстелдер» мен бірқатар кездесулер болды.