АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы «Вайнах» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Зелимхан Зубариев қазақ халқына алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен, Зубариев Зелимхан – шешен ұлтының өкілімін. Бірнеше ұлт өкілдерін соғыс кезінде осында, Қазақстанға әкелген. Олар қазақ халқының көмегінің арқасында аман қалды. Мен бүгін, 1 наурыз – «Алғыс айту» күнінде қазақтарға шын жүректен алғыс айтамын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, елімізде бірлік, тыныштық болсын!» - деді бейнежазбада Атыраудағы «Вайнах» этномәдени бірлестігінің жетекшісі.
Атасының сөзіне немерелері де қосылды.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.