Өңірдің экология департаментінің басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Асфандияр Нәсіловтің айтуынша, 2013 жылы барлығы 314 табиғат пайдаланушы тексерілген. Тексеру нәтижесі бойынша 503 экологиялық заңнаманы бұзушылық анықталды. 546 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 1 млрд. 301 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды, 18 табиғат пайдаланушы компанияның қызметі сот шешімімен тоқтатылды.
"Ауылдық округтердің әкімдері табиғат пайдаланушылардың жер-жерлерде жасаған барлық бұзушылықтарын уақтылы хабарлағанын, ал экологтар оған уақтылы ден қойғанын атап өту қажет", - деді облыс әкімінің орынбасары, үш жақты комиссияның төрағасы Шыңғыс Мұқан.