Атырауда стационарлы полиция бекеті ашылды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырауда стационарлы полиция бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов бұл бекеттерарқылы полиция учаскелік инспекторлары тәулік бойына өздеріне бекітілгенаумақтарда халықпен тығыз қарым-қатынаста болып, полицияның халыққа қажетжағдайда дереу көмекке келуіне, құқықбұзушылықтардың барлық түріне жедел әрекететуіне жол ашылады деген сенімін білдірді.

«Кез келген аймақтың даму деңгейі оның қоғамдық тәртібінің деңгейімен жәнеазаматтардың құқығын қамтамасыз етуімен анықталады. Жергілікті әкімдіктарапынан бұл бағыттағы ел Президентінің тапсырмасы толықтай орындалып жатыржәне құқық қорғау органдарының мәртебесін арттыру бағытында біраз шаруаатқарылуда. Бүгінгікөрсетілген қолдау олардың халық алдындағы міндеттерін еш кедергісіз, адалорындауларына оң әсерін тигізеді деген сенімдемін»,- дейді Серік Шапкенов.


Облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтың айтуынша, жоба аясында осындай стационарлыполиция бекеттері ашық, халыққа көрінетін және ыңғайлы орындарда, еркін түрдекіруге мүмкіндік беретін, халық пен полиция қызметкерлерінің қауіпсіздікталаптарына сай жерлерде орнатылатын болады.

«Жоба жергілікті атқарушы және прокуратура органдарымен бірлесіп әзірленген. Бекетқылмыстылық картасымен, заманға сай жабдықтармен, компьютермен және ҚР ІІМ-ніңарнайы базасымен қамтамасыз етіледі. Болашақта осы бекеттер тәулік бойына жұмысістеп, қылмыстық жағдайды оғалтуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ кез келген құқық бұзушылыққа жеделәрекет етіп, облыс орталығындағы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді»,- дейді Атырау қалаасының прокуроры АршатТайтуллин.



Соңғы жаңалықтар