«Жалған хабар таратқан адам бұрын сотты болған және жақында ғана бостандыққа шыққан жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу соты оған лаңкестік әрекеті дайындалып жатқаны туралы жалған хабар таратқаны үшін 2 ай көлемінде қамауда ұстау жазасын тағайындады», делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Мәлімет бойынша, тұтқындалған ер адамға ҚР ҚК 273-бабында (Лаңкестік әрекет дайындалып жатқаны жөнінде қасақана жалған ақпарат тарату) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылды. Бұл бап бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.