«Бұған дейін естімейтін, сөйлей алмайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін, Халыққа қызмет көрсету орталығының әр бөлімінен екі маманға сурдоаударма тілін үйреткен болатынбыз. Сәуір айынан бастап, сурдо-онлайнның көмегімен мүмкіндік тіптен артты. Мұндай санаттағы азаматқа енді кез келген маман қызмет көрсете алады. Ол үшін әр бөлімде арнайы терезе орнатылған. Маманның міндеті қызмет алушыны Астана қаласында байланыста отырған операторға қосу. Оператор мен келуші өзара сөйлесе береді, ал жергілікті маман Астанада байланыста отырған оператордың дауысы арқылы, қандай қызметке қажеттілік туғанын біліп отырады» деп атап өтті Тұрлан Нұржанов.
Аталмыш департамент тарапынан есепті мерзімде халыққа 420 291 қызмет көрсетілді. Оның 287 442-сі, яғни 68%-ы электронды түрде жүзеге асырылған.
Баян Жанұзақова