«Кеше табылған жарылғыш құрылғы әскери жаттығу полигонында жойылды. Қазіргі уақытта шағынаудан тұрғындары үшін қауіп жоқ. Сондай-ақ, полиция бөлімшесі жарылғыш заттың қалай пайда болғанын анықтап жатыр», - деп хабарлады Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Әлеуметтік желілердегі куәгерлердің айтуынша, ол ғимарат салынған құрылыс құмдарынан табылған. Осыдан кейін құмды әкелген жер иесі полицияға хабарлаған.
Көрнекі фотосурет: rostovgazeta.ru