Спортшы Айгүл Елубай 73 келіде Спартакиада чемпионы атанды. 46келіде Айдана Еділбаева, 58 келіде Сағдат Жолдасбаев, 74 келіде Алмас Меллатовжәне 87 келіде Үмбет Шәкиев күміс жүлдеге ие болса, 67 келіде ЖадыраХайруллина және 73 келіде Майра Сүйенбекова қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, 3-4 тамыз күндері Атыраудадатаэквондодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының V жазғыспартакиада ойындары өтті. Еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам спортшыөзара мықтыны анықтады.