Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Тұрғын үй» қалашығында Жайық жағалауында өскен тоғай мен қамыс қопалары жанған. Бұған ауа райының тым ыстық болуы әсер еткен.
Жағалаудағы жалынды сөндіруге 6 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайық өзенінің жағалауы өртенген болатын.