Атырауда тағы он адам 200 мың теңгенің ақшалай ұтысына ие болды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тағы 10 адам 200 мың теңгенің ұтысына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл – «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол» атты акцияның екінші кезеңі.

Акцияны облыстық «Азаматтық Альянс» ЗТБ ұйымдастырды.

Оған 10 шілде сағат 8:00-ден 20 шілде сағат 23:59-ға дейін вакцинаның І немесе ІІ компонентін алған 34 301 адам қатысқан.

«Ақшалай ұтыстың жеңімпаздарын анықтау тікелей эфирде тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өтті. Оған тәуелсіз бақылаушы ретінде «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев, «Атырау – адалдық алаңы» өңірлік кеңсесінің менеджері Мирас Қабдолов, «Қоғамдық келісім» қалалық филиалының өкілі Рафик Сарсенов пен журналист Эльмира Тұңғатарова шықырылды», -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акцияның екінші кезеңінің нәтижесінде кездейсоқ сандарды таңдау арқылы 10 адам 200 мың теңгелік сертификаттың иесі атанды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда вакцина алған он адам 200 мың теңгенің сертификатын ұтып алған болатын.


Соңғы жаңалықтар