Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, осы кезеңде аймақта 20 қылмыс тіркелген, оның ішінде 18-інің ізі суымай ашылды.
Іс-шара барысында заңсыз сақталған 16 дана қару тәркіленді. ҚР аумағына келу заңнамасын бұзғаны үшін 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 61 адам сот шешімімен ел аумағынан шығарылды.